Ряд поправок в законодательные акты в сфере атомной отрасли предлагают внести в Казахстане

Депутаты Мажилиса Парламента РК в первом чтении одобрили законопроект о внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам использования атомной энергии, сообщает пресс-служба МЭ РК.

Как рассказал министр энергетики Нурлан Ногаев, целью законопроекта является обеспечение радиационной безопасности населения. Предлагаемые поправки в законодательство направлены на решение задач совершенствования правового регулирования в сфере радиационной безопасности и защиты здоровья населения.

Для этого в проекте закона предлагаются следующие изменения:

  • уточнение терминологии и понятийного аппарата с целью четкого толкования норм Законов «Об использовании атомной энергии» и «О радиационной безопасности населения»;
  • разграничение полномочий и функций государственных органов в целях качественной реализации государственной политики в сфере радиационной безопасности населения, а также исключения дублирования полномочий;
  • предоставление права персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии, повторного прохождения аттестации с целью либерализации процедур прохождения проверки знаний;
  • регламентация аварийной готовности и реагирования на ядерные и радиационные аварии при транспортировке ядерных материалов, радиоактивных веществ и радиоактивных отходов;
  • проведение повторной экспертизы ядерной, радиационной, ядерной физической безопасности только в случае изменений в системах, оборудовании, проектной и эксплуатационной документации ядерной установки;
  • оптимизация государственных услуг в сфере использования атомной энергии, что позволит обеспечить принцип «одного заявления».

Законопроект направлен на рассмотрение в Сенат РК.

 

Қазақстанда атом өнеркәсібі саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар түзетулер енгізу ұсынылуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты –  халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңнамаға ұсынылып отырған түзетулер радиациялық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелерін шешуге бағытталған.

Осы мақсатта заң жобасында мынадай өзгерістер ұсынылған:

  • «Атом энергиясын пайдалану туралы» және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңдардың нормаларын нақты түсіндіру мақсатында терминология мен ұғымдық аппаратты нақтылау;
  • халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру, сондай-ақ өкілеттіктердің қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен функцияларын ажырату;
  • білім сынағынан өту рәсімдерін ырықтандыру мақсатында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттаудан қайта өту құқығын беру;
  • ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде авариялық дайындықты және ядролық және радиациялық апаттарға ден қоюды регламенттеу;
  • жүйелерде, жабдықтарда, ядролық қондырғының жобалық және пайдалану құжаттамасында өзгерістер болған жағдайда ғана ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікке қайта сараптама жүргізу;
  • атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, ол «бір өтінім» қағидатын қамтамасыз етеді.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Сенатының қарауына жіберілді.

 

Facebook Comments
Print Friendly, PDF & Email