Новая солнечная электростанция построена в Алматинской области

ВИЭ в Казахстане

В Алматинской области построена солнечная электростанция (СЭС) мощностью 0,4 МВт. Станция подключена к сетям АО «Алатау Жарық Компаниясы» и в ближайшее время начнет отпуск электроэнергии в адрес ТОО «Расчетно-финансовый центр по поддержке ВИЭ». Проект реализован ТОО «Samruk-Green Energy», компанией в структуре казахстанского электроэнергетического холдинга «Самрук-Энерго».

Строительство станции началось в мае 2019 года. Реализация проекта осуществлена на базе инфраструктуры существующей солнечной электрической станции мощностью 2 МВт в г. Капшагай. Напомним, что СЭС 2 МВт была введена в эксплуатацию в декабре 2013 года и на тот момент являлась первой солнечной электростанцией промышленного масштаба в РК. СЭС 2 МВт состоит из 7995 фотоэлектрических модулей европейского производства. Особенностью станции является использование трекерных (солнцеследящих) установок. С момента запуска СЭС 2 МВт выработала 16 млн. кВт*ч.

При строительстве новой станции в целях поддержки отечественного товаропроизводителя использованы фотоэлектрические модули на основе казахстанского кремния производства казахстанской компании ТОО «Astana Solar».

На СЭС 0,4 МВт установлено 1694 фотоэлектрических модуля поликристаллического типа мощностью 245 Вт каждый. Фотоэлектрические модули установлены на фиксированных металлоконструкциях с углом наклона 30 гр. Преобразование постоянного тока в переменный осуществляется с помощью 6 инверторов германского производства мощностью 75 кВт каждый. Как отмечают специалисты ТОО «Samruk-Green Energy», новый объект ВИЭ внесет свой вклад в увеличение объемов производства “чистой” электроэнергии и развитие возобновляемых источников энергии в Казахстане.

В целом, АО «Самрук-Энерго» реализовано два проекта в сфере ВИЭ: СЭС 2 МВт в г. Капшагай (ТОО «Samruk-Green Energy») и ВЭС 45 МВт в г. Ерейментау (ТОО «ПВЭС»). Крупнейший казахстанский электроэнергетический холдинг в настоящее время строит очередной объект ВИЭ в энергодефицитном южном регионе Казахстана. Речь идет о проекте «Строительство ветровой электрической станции в Шелекском коридоре мощностью 60 МВт с перспективой расширения до 300 МВт». По итогам 2018 года доля АО «Самрук-Энерго» на рынке производства электроэнергии составила около 30%.

Справка:
ТОО «Samruk-Green Energy» является дочерней организацией АО «Самрук-Энерго», созданной 25 января 2012 года для реализации проектов в области возобновляемых источников энергии (ВИЭ).

АО «Самрук-Энерго» – крупнейший электроэнергетический холдинг в Казахстане, 100% акций которого принадлежат АО «ФНБ «Самрук-Казына». Создано в 2007 году. Основные направления деятельности: производство электрической и тепловой энергии; передача, распределение и реализация электрической энергии; добыча энергетического угля. В состав холдинга входят энергетические и угольные предприятия, в том числе ТОО «Экибастузская ГРЭС-1», АО «Станция Экибастузская ГРЭС-2», ТОО «Богатырь Комир», АО «Алматинские электрические станции», АО «Мойнакская гидроэлектростанция имени У.Д. Кантаева», АО “Шардаринская ГЭС” и др.

 

Жаңа Күн электр станциясы Алматы облысында пайда болды

Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының (КЭС) құрылысы аяқталды. Станция «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілеріне қосылған, таяу арада «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ға электр энергиясын босатуды бастайды. Жобаны «Samruk-Green Energy» ЖШС – қазақстандық электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энергоның» құрамындағы компания іске асырды.

Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталды. Жоба Қапшағай қаласында жұмыс істеп тұрған, қуаты 2 МВт күн электр станциясы инфрақұрылымының базасында жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, 2 МВт КЭС 2013 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріліп, сол кезде Қазақстан Республикасындағы өндірістік ауқымдағы алғашқы күн электр станциясы болатын. 2 МВт КЭС Еуропада жасалған 7995 фотоэлектрлі модульден тұрады. Станцияның ерекшелігі – мұнда трекерлік (күннің бағыты бойынша қозғалатын) қондырғылар пайдаланылады. Іске қосылғалы бері 2 МВт КЭС 16 млн. кВт*сағ. электр энергиясын өндірді.

Жаңа станцияны салған кезде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, қазақстандық компания «Astana Solar» ЖШС Қазақстан кремнийі негізінде жасап шығарған фотоэлектрлі модульдер пайдаланылды.
0,4 МВт КЭС-те әрқайсысының қуаты 245 Вт болатын, поликристалл типтегі 1694 фотоэлектрлі модуль орнатылған. Фотоэлектрлі модульдер еңкею бұрышы 30 градус етіп бекітілген темір құрылғыларға орнатылған. Тұрақты токты ауыспалы токқа айналдыру Германияда жасалған, әрқайсысының қуаты 75 кВт болатын 6 инвертордің көмегімен іске асырылады. «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің мамандары атап өткендей, ЖЭК-тің жаңа нысаны Қазақстанда «таза» электр энергиясын өндірудің көлемін арттыруға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға өз үлесін қосады.

Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК саласында 2 жобаны іске асырды: Қапшағай қаласындағы 2 МВт КЭС («Samruk-Green Energy» ЖШС) және Ерейментау қаласындағы 45 МВт ЖЭС («БЖЭС» ЖШС). Қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингі қазіргі уақытта Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірінде ЖЭК-тің кезекті нысанын құруда. Бұл жерде сөз «Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы туралы болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергиясын өндіру нарығындағы үлесі шамамен 30%-ті құрады.

Анықтама:
«Samruk-Green Energy» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-тың жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобалдарын іске асыру мақсатында 2012 жылғы 25 қаңтарда құрылған еншілес ұйымы болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

Facebook Comments