В Казахстане состоялись первые онлайн аукционы на право разведки и добычи углеводородов, сообщает пресс-служба МЭ РК.
Торги стартовали в 10:00 по столичному времени, при этом вход в аукционный зал для участников был доступен с 9 утра.
В общей сложности на аукционах были реализованы права на разведку и добычу на семи участках. Вкупе стартовая цена по ним составила 263 млн. тенге, которая в итоге выросла до 61 млрд, увеличившись более чем в 230 раз. По одному из участков стартовая стоимость выросла в 1000 раз.
Самые продолжительные торги состоялись по двум участкам: «Забурунье» и «Сарайшык». Аукционы по этим двум участкам стартовали в 10 утра и продолжались до самого вечера. В итоге, право разведки и добычи на участке «Забурунье» было реализовано за 16,3 млрд. тенге, аукцион по нему завершился в 15:20.
Аукцион по участку «Сарайшык» продолжался до официального окончания в 17:00. Итоговая стоимость права разведки и добычи на участке составила 43 млрд тенге. При этом стартовая цена была 43 млн. тенге.
Важно отметить, что посредством аукциона предоставляется право на недропользование, а не владение землей. Данное право регулируется Кодексом «О недрах и недропользовании», любые технологические процессы на участках будут рассматриваться в Центральной комиссии по разведке и разработке при Министерстве энергетики РК.
Получив право на недропользование, инвестор подписывает договор об аренде земли с местным исполнительным органом. Перед разработкой проектного документа каждый недропользователь обязан провести общественные слушания с участием местного населения.
Так как аукционы проводятся онлайн и анонимно, участники не видят друг друга. Эта информация недоступна и для специалистов Министерства энергетики РК, которое курирует проведение данных аукционов.
Сервис онлайн аукционов был запущен 1 сентября 2020 года на портале Реестра госимущества www.gosreestr.kz, разработчиком и держателем которого является АО «Информационно-учетный центр».
Эксперты ожидают, что новый механизм сделает рынок прозрачным и существенно сократит издержки как для бизнеса, так и для государства.
Сегодня интерактивная карта, содержащая информацию о 82 участках, доступна для всех желающих. Для инициирования аукциона по каждому из объектов потенциальному инвестору достаточно подать заявку онлайн, после чего запускается процесс выставления на аукцион права разведки и разработки месторождения.
Следить за ходом торгов мог каждый желающий. Оператором, то есть АО «Информационно-учетный центр», по запросу Министерства энергетики РК, был создан отдельный публичный аукционный зал.
Все вырученные в ходе аукциона средства пополнят бюджет государства.
Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға арналған алғашқы онлайн-аукцион 61 млрд. теңге түсім әкелді
Қазақстанда көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған алғашқы онлайн аукциондар өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Сауда-саттық астана уақытымен 10:00-де басталды, ал қатысушылар үшін аукцион залына кіру таңғы 9-дан бастап қол жетімді болды.
Жалпы алғанда, аукциондарда жеті учаске бойынша барлау және өндіру құқығы іске асырылды. Олар бойынша бастапқы баға 263 миллион теңгені құрады, ол нәтижесінде 230 есе артып, 61 миллиардқа дейін өсті. Бір учаске бойынша бастапқы құны 1000 есеге өсті.
Ең ұзақ сауда-саттық екі учаске – «Забурунье» және «Сарайшық» учаскелері бойынша өтті. Осы екі учаске бойынша аукциондар таңғы 10:00-де басталып, кешке дейін жалғасты. Нәтижесінде «Забурунье» учаскесіне барлау және өндіру құқығы 16,3 миллиард теңгеге сатылды, ол бойынша аукцион сағат 15:20-да аяқталды.
«Сарайшық» учаскесі бойынша аукцион ресми аяқталғанға дейін, яғни сағат 17:00-ге дейін жалғасты. Учаскедегі барлау және өндіру құқығының жалпы құны 43 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, бастапқы бағасы 43 млн. теңге болатын.
Аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексімен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.
Аукциондар онлайн режимінде және жасырын өтетіндіктен, қатысушылар бір-бірін көрмейді. Бұл ақпарат осы аукциондардың өткізілуіне жетекшілік ететін ҚР Энергетика министрлігінің мамандары үшін де қол жетімді емес.
Онлайн аукцион қызметі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz порталында іске қосылды, оның әзірлеушісі және иесі «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ.
Сарапшылар жаңа тетік нарықты ашық етіп, бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай азайтады деп болжайды.
Бүгін 82 учаске туралы ақпаратты қамтитын интерактивті карта барлығына да қол жетімді. Объектілердің әрқайсысы бойынша аукционға бастамашылық жасау үшін әлеуетті инвесторға тек онлайн режимінде өтінім беру қажет, содан кейін кен орнын барлау және игеру құқығын аукционға шығару процесі басталады.
Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тапсырысы бойынша жеке ашық аукцион залын құрды.
Аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетті толтырады.