Для усиления энергосистемы Актюбинской области будет построена газотурбинная установка

Министр энергетики Нурлан Ногаев и аким Актюбинской области Ондасын Уразалин посетили ряд объектов топливно-энергетического комплекса в Актюбинской области.

Первой точкой посещения стал Актюбинский завод по производству комплексного нефтяного оборудования. На предприятии изготавливаются насосные штанги, насосно-компрессорные трубы, газопесочные якоря, штанговые глубинные насосы и другая продукция. Нурлан Ногаев и Ондасын Уразалин в ходе беседы с трудовым коллективом обсудили планы развития и дальнейшего функционирования предприятия.

Министр энергетики и аким области побывали на Актюбинском заводе ферросплавов АО «ТНК «Казхром». Проектная мощность предприятия : 740 тыс. тонн продукции в год, в том числе: цеха по переработке шлаков, горно-обогатительный и другие вспомогательные объекты. На заводе имеется газотурбинная электростанция мощностью 135 МВт.

Также, члены делегации посетили предприятие «Каспий плюс», которое занимается производством динамических якорей, анкеров, шпилек, траверсов, стабилизаторов и прочих деталей из металла разной модификации.

В ходе посещения «Актобе ТЭЦ» министр энергетики Нурлан Ногаев принял участие в закладке капсулы строительства газотурбинной установки мощностью 57 Мвт. В 2020 году начаты демонтажные работы по приготовлению территории для строительства газотурбинной установки с котлом-утилизатором, начаты поставка и складирование оборудования котла-утилизатора.

В 2022 году планируется реализовать проект по вводу в эксплуатацию новой газовой турбины мощностью 57 МВт и котла-утилизатора.

Данная установка позволит нарастить дополнительные мощности, что положительно скажется на надежности электроснабжения потребителей Актюбинской области. Строительство даст возможность увеличить мощность станции со 118 МВт до 175 МВт.

Нурлан Ногаев ознакомился с работой Казахстанского завода нефтяного оборудования. Предприятие занимается изготовлением нефтегазового оборудования и труб, блочно-комплектного оборудования, буровых установок, а также установок для ремонта нефтяных и газовых скважин.

Следующей точкой посещения министра энергетики и акима области стала компрессорная станция КС 14 магистрального газопровода «Бухара – Урал». Аким Актюбинской области Ондасын Уразалин рассказал министру о дальнейших планах по газификации региона. Нурлан Ногаев в свою очередь заверил, что министерством будет оказана вся необходимая помощь, и дал ряд конкретных поручений ответственным лицам.

Ақтөбе облысының энергетикалық жүйесін нығайту үшін газтурбиналы қондырғы салынады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысындағы бірқатар отын-энергетикалық кешен нысандарын аралады.

Алғашқы сапар кешенді мұнай жабдықтарын шығаратын Ақтөбе зауытынан басталды. Кәсіпорын сорғыш қарнақтар, сорғыш-компрессор құбырларын, газды-құмды зәкірлер, қарнақты терең сорғылар және басқа да өнімдер шығарады. Нұрлан Ноғаев пен Оңдасын Оразалин еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынды дамыту және одан әрі жұмыс істеу жоспарларын талқылады.

Энергетика министрі мен облыс әкімі «Қазхром» ТНК» акционерлік қоғамының Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды. Кәсіпорынның жобалық қуаты: жылына 740 мың тонна өнім, оның ішінде: қожды қайта өңдеу цехтары, тау-кен байыту және басқа да қосалқы нысандар бар. Зауытта қуаты 135 МВт болатын газтурбиналы электр станциясы бар.

Сондай-ақ, делегация мүшелері әртүрлі модификациядағы металдан жасалған динамикалық зәкірлер, анкерлер, шпилькалар, траверстер, тұрақтандырғыштар және басқа да бөлшектерді шығарумен айналысатын «Каспий Плюс» кәсіпорнында болды.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «Ақтөбе жылу электр орталығына» сапары кезінде қуаты 57 МВт болатын газтурбиналы қондырғы құрылысының капсуласын салуға қатысты. 2020 жылы кәдеге жарату қазаны бар газтурбиналы қондырғы салуға арналған аумақты дайындау бойынша демонтаждау жұмыстары, сондай-ақ кәдеге жарату қазанына арналған жабдықты жеткізу және жинау жұмыстары басталды. 2022 жылы қуаты 57 МВт болатын жаңа газ турбинасы мен кәдеге жарату қазанын пайдалануға беру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Осы қондырғы қуатты қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Ақтөбе облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігіне оң әсер етеді. Аталған құрылыс станцияның қуатын 118 МВт-тан 175 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Нұрлан Ноғаев Қазақстандық мұнай жабдықтары зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын мұнай-газ жабдықтары мен құбырларын, блок-жиынтық жабдықтарын, бұрғылау қондырғыларын, сондай-ақ мұнай және газ ұңғымаларын жөндеуге арналған қондырғылар шығарумен айналысады.

Энергетика министрі мен облыс әкімі аралаған келесі нысан – KС 14 компрессорлық станциясы мен «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбыры болды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин министрге өңірді газдандырудың алдағы жоспарлары туралы айтты. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде министрлік барлық қажетті көмек көрсететініне сендіріп, жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Facebook Comments