Карачаганакский Консорциум и Правительство Казахстана завершили урегулирование многолетнего спора

Правительство Республики Казахстан в лице Министерства энергетики РК, Министерства финансов РК и Полномочного органа — ТОО «PSA», а также акционеры Карачаганакского проекта в лице компаний Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл подписали Соглашение о Завершении по урегулированию спора.

В рамках Соглашения о Завершении:

—  Консорциум осуществил выплату Республике Казахстан в размере 1 миллиарда 305 миллионов долларов США;

— стороны согласовали окончательную методику раздела продукции, в результате чего Казахстан до 2037 года дополнительно получит до 600 миллионов долларов США при цене на нефть 40-50 долл./барр.

— стороны одобрили начало реализации инвестиционного Проекта Расширения Карачаганака-1(А) с целью дальнейшего поддержания полки добычи на Карачаганакском месторождении.

Проект будущего расширения Карачаганака ПРК (1А), предусматривает строительство компрессора обратной закачки газа и сопутствующих установок с объемом инвестиций около 1 млрд. долл. США. Это позволит поддерживать объем добычи на уровне 10 — 11 млн. жидких углеводородов в год. Реализация ПРК (1А) предполагает обеспечение минимальной доли казахстанского содержания в размере 45% в закупе товаров, работ и услуг и 75% при найме персонала. 

В последующем стороны предусмотрели возможность реализации следующего этапа реализации ПРК 1 (В) с учетом технико-экономических параметров проекта.

 По сообщению официального представителя Правительства РК: Сегодня стороны поставили окончательную точку в многолетнем споре, подписав Соглашение о Завершении. Суть разногласий заключалась в справедливом разделе продукции и, соответственно, распределении денежных доходов между сторонами. Необходимо отметить, что Республика действовала в строгом соответствии с условиями подписанного контракта и применимого законодательства. В результате длительных и не простых переговоров, сторонам удалось прийти к дружественному урегулированию спора, что отражает приверженность Республики к взаимоприемлемому разрешению возникающих споров с инвесторами в соответствии с положениями контрактов.

 Справочно:

Карачаганакский проект реализуется в рамках Окончательного соглашения о разделе продукции, заключенного между Правительством Республики Казахстан, Альянсом иностранных компаний в лице Шелл (29,25 %), ЭНИ (29,25 %), Шеврон (18 %), Лукойл (13,5 %) и КазМунайГаз (10%).

В 2015 году Республика выразила свое несогласие с тем, как Консорциум распределяет прибыль и производит расчеты по методике. В результате возникших коммерческих разногласий Казахстан обратился в международный арбитражный суд, как того требуют условия Окончательного Соглашения о Разделе Продукции. Пока шел арбитражный процесс, Правительство и Консорциум вели переговоры по поиску взаимоприемлемого решения и урегулированию разногласий.

 

Қарашығанақ консорциумы және Қазақстан Үкіметі көп жылдық дауды шешті

ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және Өкілетті                    орган –  «PSA» ЖШС арқылы әрекет еткен Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері –  Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл компаниялары Дауды шешуді Аяқтау жөнінде келісімге қол қойды.

Аяқтау туралы келісім аясында:

— Консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ доллары көлемінде төлем жасады;

— тараптар өнім бөлудің түпкілікті әдістемесін келісті, нәтижесінде: Қазақстан 2037 жылға дейін қосымша 600 миллион АҚШ долларын алады(мұнай бағасы 1 баррель үшін 40-50 АҚШ доллары болған кезде);

— тараптар Қарашығанақ кен орнындағы өндіру деңгейін одан әрі ұстап тұру мақсатында Қарашығанақ-1 (А) кеңейту инвестициялық жобасын іске асырудың басталуын мақұлдады.

Қарашығанақты келешекте кеңейту жобасының (ҚКЖ (1А) инвестициялық көлемі шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды және  газды кері айдау компрессорын және онымен байланысты қондырғыларды салуды көздейді. Бұл сұйық көмірсутектер өндіру көлемін жылына 10-11 млн. деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. ҚКЖ (1A) іске асыру жергілікті қамтудың ең аз үлесін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда 45%  және персоналды жалдауда 75% мөлшерінде қамтамасыз етуді көздейді.

Кейіннен тараптар жобаның техникалық-экономикалық параметрлерін ескере отырып, ҚКЖ 1 (В) іске асырудың келесі кезеңін жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми өкілінің айтуынша: Бүгін тараптар Аяқтау туралы келісімге қол қою арқылы ұзақ мерзімді дау мәселесінде соңғы нүкте қойды. Келіспеушіліктің мәні –  өнімді және сәйкесінше ақшалай кірісті тараптар арасында әділ бөлу. Республика қатаң түрде қол қойылған келісімшарт талаптарына және қолданылатын заңнамаға сәйкес әрекет еткенін атап өткен жөн. Ұзақ және қиын келіссөздер нәтижесінде тараптар дауды бітімгершілікпен шешуге қол жеткізді, бұл Республиканың инвесторлармен туындайтын дауларды келісімшарт ережелеріне сәйкес өзара қолайлы шешуге бейімділігін көрсетті.

 Анықтама үшін:

Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шелл (29,25%), ЭНИ (29,25%), Шеврон (18%), Лукойл (13,5%) шетелдік компаниялар альянсы және ҚазМұнайГаз (10%) арасында жасалған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде іске асырылуда.

2015 жылы Республика Консорциумның пайданы бөлуімен және әдістеме бойынша есептеулерімен келіспейтінін білдірді. Осы коммерциялық келіспеушілік  нәтижесінде Қазақстан Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің талаптарына сәйкес халықаралық төрелікке жүгінді. Төрелік процесі жүріп жатқан кезде Үкімет пен Консорциум өзара қолайлы шешім табу және келіспеушіліктерді шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатты.

Facebook Comments